Министрліктер үйінде өрт сөндірушілердің оқу-жаттығуы өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Министрліктер үйінде өрт сөндірушілердің оқу-жаттығуы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне оқиға орнында құқық қорғау органдарының өкілі хабарлады.

Министрліктер үйінде өрт сөндірушілердің оқу-жаттығуы өтті (ФОТО)

Құтқарушылар Астана қаласы Министрліктер үйінің 10-шы кіре берісінде орналасқан Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде тұтанған «жалынды» ауыздықтады.

Бұл жерге шамамен 10 арнайы көлік тартылды. Оның ішінде өрт сөндіру көліктері мен жедел жәрдем бар.