Министрлік тасқын туралы 28 ақпаратты жалған және қате деп таныған

фейк
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Мәдениет және ақпарат министрлігі тасқын туралы 28 ақпаратты жалған және қате деп таныған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Қанат Ысқақов осындай дерек келтірді.

«Өкінішке қарай, соңғы кезде ақпараттық желілерде, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында немесе парақшаларында жалған, фейк ақпараттардың таратылуын көріп отырмыз», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, тіркелген фактілерің санын атап, мысал келтірді.

«Қазіргі таңда ақпарат алаңына жасалған мониторинг кезінде 28 жалған және қате ақпарат тарағаны белгілі болды. Оның бәрі уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдар теріске шығарды. Көбінесе республикалық және жергілікті маңыздағы жолдардың, су қоймалары мен электр стансаларының, өзге де стратегиялық нысандардың апаты, ауызсудың бүлінгені, эвакуация орындары туралы қате ақпарат жиі тарайды. Мысалы, Ақтөбеде сумен жабдықтау тоқтап қалғаны және су қоймасының шлюздерін ашу туралы әлеуметтік желіде тараған мәліметтерді Ақтөбе облысының әкімдігі дер кезінде теріске шығарды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар