Минск 2016 жылы Еуропалық олимпиадалық комитеттер бас ассамблеясын қабылдайды

Бұл туралы шешім сенбі күні Прагада Еуропа елдері елу ұлттық олимпиада комитеттері өкілдерінің дауыс беруі қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлады республиканың Ұлттық олимпиада комитеті. ЕОК кезекті бас Ассамблеясын өткізуге сондай-ақ Армения, Мальта, Македония елдері үміткер болған еді.
«Қандай да шектеулерге қарамастан, біз әрқашанда Еуропамен, әлемдік спорт саясатымен бірге болдық, - деп атап өтті Беларусь ҰОК брінші вице-президенті Максим Рыженков. «Алдағы форум аясында, деп атап көрсетті ол, - Беларусь өзін серпінді дамып отырған ел ретінде көрсетуі және халықаралық спорт қоғамдастығын ең жоғары деңгейдегі спорттық шараларды өткізуге әзір екеніне сендіруі маңызды». Келесі жылы ЕОК бас ассамблеясын өткізу республиканың «олимпиадалық мұраттарды, салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бірінші кезекте көңіл бөлетін ел ретінде әлеуметтік бадғарланған мемлекет» имиджі мен беделін нығайтуға мүмкіндік береді», - деді беларусь ҰОК өкілі. Республикалық ҰОК өкілі келесі жылы Минскіге Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың сапары жоспарланып отырғанын айтты. «Ол (ХОК президенті) өзінің жұмыс кесетесінен тыс уақытта Беларусьқа келуге уақыт табатынын мәлімдеді».
Кейбір мәліңметтер бойыгша, Томас Бах Минскіде болған кезінде өзі Олимпидалық ойындарда бірге өнер көрсеткен атақты беларусь семсерлесушілері Александр Романьковпен және Елена Беловамен кездеспек. Соңғы рет ХОК президенті Беларусьта 1997 жылы болды, ол кезде Минскіге Хуан Антонио Самаранч келген болатын.