Минск-Ақтау әуе бағыты ашылады
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Минск-Ақтау әуе бағыты ашылады. Қазіргі уақытта Беларусьтің «Белавиа» компаниясы билеттерді сатылымға шығарған,-деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Билеттерді қазірден бастап «bbelavia.by» сайтынан сатып алуға болады. Алайда, тек 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап ұшуға болады. Бұл туралы Беларусь компаниясы Фейсбук парақшасында жариялаған.
Минсктен Ақтау халықаралық әуежайына ұшақтар аптаның сейсенбі, жұма, жексенбі күндері сағат кешкі 22:15-те ұшады. Ал, кері Минскіге дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері сағат 04.30-да қатынайды. Жолға 3 сағат 20 минут кетеді.
Жолақы құны бір бағытқа - 145 евро (тариф «Light»), екі бағытқа 240 евродан (тариф «Light») басталады.