18:59, 10 Шілде 2016 | GMT +5
Минск әуежайында жосықсыз қалжыңдаған ресейлік әйел қамауға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Минск ұлттық әуежайында орынсыз қалжыңдаған ресейлік әйел қамауға алынды. Бұл туралы Беларусь тергеу комитетінің ресми өкілі Юлия Гончарова Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды БЕЛТА.
«Тергеу қызметі прокурорға Ресей азаматшасының Беларусь Республикасы аумағында тұрғылықты жері болмағандықтан, оны қамауға алу шарасын қолдану туралы өтініш берді. Шара қолданылды - азаматша қамауға алынды», - делінген хабарламада.
8 шілде күні 1978 жылы туған жұмыссыз Ресей азаматшасы Минск ұлттық әуежайынан Мәскеуге ұшуы тиіс болған. Ұшу алдындағы тексеру пунктінде әуе қауіпсіздігі қызметінің инспекторына менде жарылғыш зат бар деп қалжыңдаған. Қалжың соңы жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғаумен аяқталды.