Минск Бішкекке Қ. Бакиевті экстрадициялаудан бас тартты

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Беларусь билігі Қырғызстанға қырғыз сот органдары сырттай соттаған бұрынғы ел президенті Құрманбек Бакиевті, оның сыбайластарын қайтару талаптарын орындамай, бас тартты.
None
None

Беларусь прокуратурасы өкілдерінің айтуынша, Құрманбек Бакиев Беларусь азаматтығын алғандықтан, оны қырғыз тарапына экстрадициялай алмайды.

«Құрманбек Салиұлы Бакиев - Беларусь азаматы. Әлемдік практикада қабылданғандай, Беларусь өз азаматтарын басқа елге бермейді», - деп мәлімдеді БР прокуратурасында.

Бұдан басқа, қырғыз тарапы мұндай сауалды бірнеше рет жіберіп, олардың бас тартқанын атап өтеді.

Қырғыз Республикасы СІМ деректеріне сүйенсек, Бішкекте бұдан бұрын екі елдің консулдық қызметтері басшыларының кездесуі барысында қырғыз тарапы республикада ауыр қылмысы үшін сотталған бұрынғы президент Бакиевті, оның Беларуске келген сыбайластарын экстрадициялау тақырыбын қайта көтерген болатын.

Осы мәселе жөнінде өзара түсіністіктің болмауы тығыз мемлекетаралық интеграциялануға кедергі келтіріп отырған факторлардың бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар