Минск метросы жарылыс қаупінен толық жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь астанасында метро толық жабылды. Барлық жолаушылар бірнеше стансада күдікті зат табылуы туралы хабарламаға сәйкес көшірілді, деп хабарлады РБК Минск метрополитенінің басшысы қабылдау бөлмесінің хатшысы Ольга Шайбакқа сілтеме жасап.
Қазір метрода тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, онда милиция, кинологтар және ТЖМ өкілдері жұмыс істеуде. «Аумақты жедел тексеру мақсатында алдын алу шараларын жүргізу үшін стансаларды жабу жөнінде шешім қабылданды. Метро жақын арада өз жұмысын қайтадан қалпына келтіреді деп сенемін», - деп жазды Минск қалалық атқару комитетінің ҚІІБ баспасөз хатшысы Александр Ластовский Facebook-тегі парақшасында.
Т Twitter пайдаланушылары қала көлігіндегі төтенше оқиға туралы жарыса жазуда. Беларусь ТЖМ метродағы оқиға туралы ешқандай ақпарат түспегенін мәлімдеуде. Метрополитеннің қашан өз жұмысын қалпына келтіретіні белгісіз.