Минск метросында болған лаңкестік әрекеттің ізі ашылды

МИНСК. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Минск метросында болған лаңкестік әрекеттің ізі ашылды, қылмыскерлер қолға түсті.

Минск метросында болған лаңкестік әрекеттің ізі ашылды

Бұл туралы метродағы лаңкестікті тергеу барысы туралы өткен кеңесте Беларусь ПрезидентіАлександр Лукашенко мәлім етті, деп хабарлайды оның баспасөз қызметі.

«Бүгін таңғы сағат 5-те қылмыс анықталды. Кеше кешкі 9-да тамаша операцияны орындау үшін милицияға бір тәулік уақыт жеткілікті болды, олар шусыз, атыс-шабыссыз және жарылыссыз осы лаңкестік оқиғаны орындағандарды тапты. Бүгін таңғы сағат 5-те олар жауап берді. Ең бастысы біз бұл лаңкестікті кім және қалай жасағанын білеміз. Әзірге не үшін жасалғандығы белгісіз, алайда бұл да жақын арада анықталатын болады. Бұл - біздің бүгінгі ең басты міндетіміз», - деді А.Лукашенко.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Минск метросындағы жарылыс жасады деген қылмыстық іс бойынша қолға түскен екі адам облыс орталықтарының бірінде дүниеге келген Беларусь елінің азамттары болып табылады, оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қорғаушылардың қатысуымен алғашқы жауап та алынған.