20:28, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Минск түбінде ұшақ апатынан опат болғандардың есімдері белгілі болды
АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат - Беларустың Төтенше жағдайлар министрлігі Минск түбінде «С-эйр» Ресей авиакомпаниясының бизнес-сыныптағы ұшағының апатынан опат болғандардың аттарын жария етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Ұшақтың бортында екі жолаушы: авиакомпанияның президенті Марат Ромашкин мен оның оққағары болған. Экипаж құрамында әуе кемесінің командирі Александр Самойлов, екінші ұшқыш Сергей Снимщиков және аспансерік Олеся Латутина болған.