03:22, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Минскіде әлемдегі ең ұзын үстел орнатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь астанасы Минскіде әлемдегі ең ұзын үстел жасалды. Бұл туралы БЕЛТА хабарлады.
Атап өтілгендей, Dreamland саябағында пайда болған үстелдің ұзындығы 348 метрді құрайды. Осылайша, Гиннес рекорды жаңартылды. Бұған дейін орнатылған үстелдің ұзындығы 305 метр болған.