Минскіде «Болашақты бірге жасайық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі

МИНСК. 9 наурыз. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Беларусьтегі Қазақстан Республикасының Елшілігі БР президенті жанындағы Басқару академиясымен бірлесе отыра «Болашақты бірге жасайық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Минскіде «Болашақты бірге жасайық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі

Конференция үстіміздегі жылғы 11 наурызда ТМД Атқарушы комитеті штаб-пәтерінің дөңгелек залында өткізіледі.

Іс-шараға Минскіде тіркелген ТМД қатысушы мемлекеттерінің елшілері, Достастықтың жарғылық және өзге де органдарындағы ТМД елдерінің тұрақты өкілдері, Қазақстан мен Беларусь Парламенттерінің депутаттары, ТМД Атқару комитетінің, БР мемлекеттік органдары мен сараптамалық құрылымдарының өкілдері қатысады.