Минскіде нөсер жауын кезінде екі ұшақ тоқтығысып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нөсер жауын салдарынан Беларусь астанасы Минск қаласының әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды. Ұшақтардың екеуі де сол елдің әуекомпанияларына тиесілі болған. Жолаушылар ұшағы - «Белавианыкі», екіншісі жүк тасымалдайтын Ан-12 - «Рубистар» компаниясының меншігі, деп хабарлайды «Спутник Беларусь».
None
None

Оқыс оқиға туралы бірінші болып әлеуметтік желі пайдаланушылары хабарлады. Олар Туиттерді суретті жария етті. Әуежайдың баспасөз қызметі ақпаратты растады. Бір қуаныштысы жолаушылар лайнерінің бортында адам болмаған. Қазір ұшақтарға келтірілген залал көлемі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар