Минскіде өтпей қалған матчтың сатылған билеттерінен түскен қаржы қаза тапқан хоккейшілердің отбасыларына беріледі

МИНСК-АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Минскіде өтпей қалған «Динамо-Минск» матчының сатылған билеттерінен түскен қаржы қаза тапқан хоккейшілердің отбасылары мен туған-туысқандарына беріледі,

Минскіде өтпей қалған матчтың сатылған билеттерінен түскен қаржы қаза тапқан хоккейшілердің отбасыларына беріледі

деп хабарлады БЕЛТА.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың шешімімен бүгін 19.00 сағатта «Минск-Арена» мәдени-спорттық кешенінде «Локомотив» (Ярославль) және «Динамо-Минск» клубтары арасында болуы тиіс матчтың орнына «Локомотив» хоккейшілерін еске алуға арналған кеш өтеді. Азалы шараның тікелей көрсетілімін Бірінші ұлттық телеарна жүргізеді.

Беларусьтің хоккей федерациясы билеттер сатып алған барлық жанкүйерлерді қаза тапқан «Локомотив» хоккейшілерін еске алу кешіне қатысуға шақырды.

Еске сала кетсек, хоккейшілер 7 қыркүйек күні «Як Сервис» әуе компаниясының Як-42 ұшағы апатқа ұшырағанда қаза тапқан еді.