Минскіде ресейлік ұшақ апатқа ұшырады

Беларус Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, ұшақ бортында 3 жолаушы және 3 экипаж мүшесі болған. Алтыншы адамның тағдыры әзірге белгісіз, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Бұдан бұрынғы ақпараттарда, BAE-125-800 ұшағының бортында 5 адам - үш экипаж мүшесі мен екі жолаушының болғаны хабарланған болатын. Ол мәліметті Ресейдің Әуе көлігі федералдық агенттігінің ресми өкілі Сергей Извольский хабарлады. Оның айтуынша, ұшақ Минск әуежайынан бірнеше шақырым жерде табылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.
Ресейдің Внуково әуежайынан ұшып шыққан әуе лайнері бірінші талпыныстан қона алмай, «Минск-2» әужайының үстінен бір айналып, қайта қонбақ болған кезде, радардан жоғалып кеткен. Әзірге расталмаған мәліметтер бойынша, ұшақ бортында «С-Эйр» компаниясының бас директоры Марат Ромашкин болуы мүмкін.
Ресейлік "С-Эйр" әуе компаниясы әлемнің түрлі әуежайларынан бизнес-кластағы чартерлік рейстермен айналысады.