Минскіде ТМД кинематографиясының ахуалы талқыланады
Кездесудің басты мақсаты - кинематография саласындағы ТМД-да қабылданған келісімдер мен шешімдердің қолданылу тиімділігін бағалау және осыларды ескере отырып, олармен ары қарай жұмыс істеу тетігін анықтау.
ТМД Атқару комитетіне Әзербайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінен, Беларусь Республикасының Мәдениет министрлігінен, Қырғызстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінен, Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінен және Кинематографистер одағы конфедерациясынан ұсыныс түсіп, жұмыс тобы осы ұсыныстарды талқылайтын болады.
Бұдан бөлек, отырысқа қатысушылар Достастық елдерінің Минскідегі «Лістапад» халықаралық кинофестиваліне қатысуын кеңейту мәселесін талқылайды және «Беларусфильм» киностудиясының жұмысымен танысады.
Айта кетейік, Кинематографиялық жұмыс тобы 2011 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесі аясында құрылған.