Минскідегі №141-ші сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды

МИНСК. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Сайлау заңнамаларына сәйкес Минскіде жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де Беларустағы Қазақстан Елшілігінде ұйымдастырылған №141-ші сайлау учаскесінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауындағы дауыс беру аяқталды.

Минскідегі №141-ші сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды

Сайлаушылар 100 пайыз дауыс беруге келді. Бұл туралы агенттіктің тілшісіне №141-ші Минск сайлау учаскесі учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қадыр Қасаболатов мәлім етті.

«Жалпы алғанда дауыс берушілер сайлауға 100 пайыз қатысты. Дауыстар саналып біткен соң ҚР Орталық сайлау комиссиясына қажетті хаттама жіберіледі», - деп атап өтті сайлау комиссиясының өкілі.