Минскідегі лаңкестік әрекетті орындаушы ұсталды

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Минскідегі лаңкестік әрекетті орындаушы ұсталды, деп хабарлады УTPO.ru.

Минскідегі лаңкестік әрекетті орындаушы ұсталды

"Минскінің метросындағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған екі азаматтың бірі лаңкестік әрекетті жасаушылардың бірі болуы мүмкін", - деп хабарлады Беларусь Бас прокурорының орынбасары Андрей Швед. «Оны ол өзі берген түсініктемелер мен сыртқы бақылау камерасындағы түсірілімдер де растап отыр», - деді А.Швед. Оның айтуынша, ұсталғандардың екеуі де - облыс орталықтарының тұрғындары.