Минскідегі лаңкестің әкесі барлық кінәні өз мойнына алды
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Геннадий Коновалов Минскідегі «Октябрьская» метро стансасындағы жарылысқа өзінің де қатысы барлығын мәлімдеп,
балалары Дмитрий мен Александрды қорғауға бар күшін салуда, деп жазады Life News газеті.
Тергеу кезінде басты күдіктінің әкесі жарылысты өзі ұйымдастырғанын мойнына алып, лаңкестікке тікелей қатысы барлығын айтқан.
25 жасар Дмитрий Коновалов бірінші тергеуде-ақ жарылысқа дайындалып, ұйымдастырып, жүзеге асырғанын мойындаған болатын. ҰҚК қызметкерлері оның әкесі мен ағасын ұстағаннан кейін, ол басқаша кері мәліметтер бере бастады.