14:26, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Минскідегі жарылыс үшін ресейлік ваххабитке іздеу жарияланды
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Минскідегі жарылыс үшін ресейлік ваххабитке іздеу жарияланды, деп хабарлады Lifenews.ru.
23 жасар Виктор Двораковскийге 2011 жылғы 6 наурыздағы лаңкестік әрекетке қатысты бар деген күдікпен Ресейдің барлық жер аумағында іздеу жарияланды.
«Осы уақыт ішінде маған бірнеше рет келді. Соңғы рет үйге өздерін ФҚҚ қызметкерлеріміз деп таныстырған адамдар келді. Олар Витяны Минск метросында бомба жарды деген күдікпен іздеп жүргенін айтты», - дейді Виктордың анасы Ирина Двораковская.