Минскінің «Динамосы» астаналық «Барыс» командасын айқын басымдықпен ұтты

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше кешкісін Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астанада өткен ойында елордалық «Барысты» Минскінің «Динамо» командасы айқын басымдықпен ұтты.
None
None

Атап айтқанда, ойынның бірінші кезеңінде қонақтар астаналықтардың қақпасына 3 бірдей шайбаны қатарынан салды. Ал өз кезегінде осы тартысты доданың бірінші кезеңінде «Барыс» хоккейшілері бір ғана шайбаны салып, есе қайтара алды. Осыдан кейінгі екі кезең ішінде астаналық команда қаншалықты шабуыл жасап тырысқанымен, тек бір ғана шайбаны салуға қауқарлы болды. Минск хоккейшілері болса есепті еселеп, кешегі ойынды 2:6 есебімен өз пайдасына ұтты.

Енді 26 қарашадан бастап «Барыс» келесі ойындарын сырт алаңда өткізеді. Онда елордалық команда «Спартак», «Северсталь» және «Витязь» хоккейшілерімен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар