14:31, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
«Мир» сүңгуірлері Байкалдағы маусымын мерзімінен бұрын аяқтады
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - «Мир» сүңгуірлері Байкалдағы тереңдеп батудың екінші маусымын аяқтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Экспедиция басшысы Артур Чилингаровтың айтуынша, осы маусымдағы жоспарланған 70 батудың 69-ы орындалған.
Экспедицияның жұмысын тоқтату туралы шешім аппараттардың бірінің гидравликалық басқару жүйесінің істен шығуына байланысты қабылданған. Чилингаров сонымен қатар, аумақтағы ауа райының айтарлықтай бұзылғандығынан тәуекелге бел байламай, жұмысты аяқтауды ұйғарған.
Орындалмаған соңғы су астына жорық Азамат соғысы кезіндегі ықтимал пойыздың суға батырылған орнында оның қалдықтарын табу үшін жүргізілуі тиіс болатын. Суды сүзудегі мақсат - «Колчактың алтыны» деп аталатын олжаның үстінен түсу болды.