«Мир» телерадиокомпаниясы Ресей телевизиясы академиясының құрамынан шығады
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - «Мир» телерадикомпаниясы «Ресей телевизиясының академиясы» құрылтайшылар қоры құрамынан шықпақ.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС-қа холдинг төрағасы Радик Батыршин мәлімдеді. Ол «сәйкес құжатқа қол қойылғанын» айтты.
«Бұл жағдайда біз өзіміздің жұмысымызды жақында құрылған Индустриалды телевизиялық сыйақылар комитетінің аясында жалғастырамыз», - деді Батыршин.