Мирас Сабағанов СҚО еңбек инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына Мирас Сабағанов басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Мирас Сабағанов
Фото: СҚО әкімдігі

Мирас Сабағанов 1985 жылы СҚО Мамлют ауданы Новомихайловка ауылында дүниеге келген.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ді «көлiк, көлiк техникасы және технологиялары», РФ Түмен мемлекеттiк университетiн «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ автомобиль жолдары және жолаушылар көлiгi секторының инспекторы болып бастады. Кейін осы бөлімде бас маманға дейін көтерілді.

«СҚО Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» ММ еңбек қатынастарын бақылау бөлiмiнiң, еңбек қауiпсiздiгiн бақылау және еңбектi қорғау бөлiмiнiң бас маманы, кейін осы бөлімнің басшысы болды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін «СҚО Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып еңбек етті.