Мират Сәрсенбаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді

АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы халықаралық кәсіпқой бокс турнирінде қазақстандықтар барлық кездесуде жеңімпаз атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Zhersu» инвестициялық-өнеркәсіп корпорациясы мен Марат Мәзімбаевтың промоутерлік компаниясы ұйымдастырған дәстүрлі бұл халықаралық турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Индонезия боксшылары қатысты. Ол «Снайпер» кәсіпқой спорт клубының боксшысы Ермек Нысановтың дебютімен ашылды. Алматылық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокстағы алғашқы 4 раундтық кездесуін 72,6 килә салмақта бішкектік Айбек Жиенбаевпен өткізіп 40:30, 37:40, 39:37 есебімен жеңіске жетті. Айбек бұған дейін 7 кездесу өткізіп, оның төртеуінде ұтып, үшеуінде жеңіліс тапқан болатын. Ермектің сәтті қадамын бұдан кейін 55,3 киләде «Снайпер» клубындағы әріптесі Тұрсынбек Сыдықов одан ары жалғастырды. Өткен айда кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастаған ол бұл жолы 7 кездесу өткізіп оның бесеуін ұтып, екеуінде қапы қалған өзбекстандық Хасан Умаровты ұтты. Қапталдағы үш төреші де жекпе-жекке 40:36 деген баға берді. Одан кейін 53,5 килә салмақтағы 6 раундтық жекпе-жекте «Ұлан боксинг» кәсіпқой спорт клубының тәлімгері Жанат Жақиянов индонезиялық Бойдо Синжмунтакты 2 раундта нокаутпен ұтты. Жанат бұған дейін 6 кездесуде (екеуі нокаутпен) басым түсіп, біреуінде қапы қалған еді. Ал Синжмунтак болса 12 рет (бесеуі нокаутпен) жеңіске жетіп, 7 рет рет жеңіліс тапқан боксшы. Жанаттың командалас серігі қостанайлық Әсет Айсин де осымен қатарынан төртінші кездесуін жеңіспен аяқтап отыр. 6 раундтық бұл сайыста өзбекстандық Бекзод Шакировтың бапкері 3-ші раундында өз спортшысының жарысты жалғастыра алмайтынын мойындады. Турнирдің бесінші жұбын 72,6 килә салмақта «Абылай хан» кәсіпқой спорт клубының былғары қолғап шебері Семен Упоров пен ресейлік Алексей Чирков құраған болатын. Бұған дейін 8 кездесуде (бесеуі нокаутпен) ұтып, біреуінде ғана жеңілістің ащы дәмін татқан семейлік жерлесіміз бұл жолы 18 кездесуде (11-і нокаутпен) ұтып, 5 рет қана қарсыласын мойындаған Алексейді айқын басымдықпен ұтты. Қапталдағы үш төреші де жекпе-жекке 60:45 деген баға берді. Бұдан кейін 61 киләде бақ сынайтын «Снайпер» клубының боксшысы Берік Қалиев 6 раундтық кездесуде ресейлік Джохонгир Абдуллаевты ұтты. Аякөздің ұланы бұған дейінгі үш кездесуін де де жеңіспен аяқтаған болатын. Оның бұл жолғы қарсыласы 17 рет (бесеуі нокаутпен), жеңіс тойын тойлап, екі рет жеңілістің ащы дәмін татқан тәжірибелі боксшы еді. Рингке жетінші жұп боп шыққан Беріктің «Снайпер» клубындағы әріптесі Мират Сәрсембаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде 53,5 киләде сәтті бастады. Өзбекстандық Бақыт Абдрахимовпен болған 4 раундтық бұл сайысқа қапталдағы төрешілер Кендебай Әбішев, Мұхит Дәуренбаев пен Мұрат Сәрсенов 40:35, 39:37, 40:36 деген баға берді. Бұған дейін 4 кездесу өткізіп, оның біреуін ұтып, үшеуінде жеңіліс тапқан Бақыт 2-ші раундта нокдаун алды. Ал турнирдің басты жекпе-жегі болған Паназиялық бокс қауымдастығының (ПАБА) нұсқасы бойынша Азия чемпиондығы атағы үшін болған 63,5 киләдегі 12 раундтық кездесуде Қанат Қартенбаев индонезиялық Косвара Тианы 6-шы раундта нокаутпен ұтты.
Соңғы жаңалықтар