Мирболат Аюповқа Владимир Зворыкин атындағы сыйлық берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директоры Мирболат Аюповқа «Теледидар, радиохабар таратуға және онымен байланысты технологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Владимир Зворыкин атындағы сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
25 қазанда Мәскеуде ХХІ ҰТҚ (Ұлттық телерадиохабар таратушылар қауымдастығы) Халықаралық конгресі мен NATEXPO көрмесі аясында телевизия саласындағы технологияларды және инженерлік ұйғарымдарды дамыту бойынша үлес қосқаны үшін марапатталатын Владимир Зворкин атындағы бесінші сыйлықты тапсыру рәсімі өтті.
Жүлде төрт номинация бойынша: «Телекоммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктері үшін», «Федералды және аймақтық деңгейде телевизиялық және радиохабар тарату саласында жүйелік интеграциясы үшін», «Телерадио өндірісі саласындағы жабдықтарды/технологияларды жасағаны және/немесе жетілдіргені үшін» және «Теледидар, радиохабар таратуға және онымен байланысты технологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін» беріледі.
ҰТҚ Владимир Зворыкин атындағы сыйлықты 2013 жылы бекітті. Марапаттау рәсімі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде (ХШЖК) өтті.