Мирча Луческу «Зениттің» бас бапкері болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Румыниялық маман Мирча Луческу Ресей чемпионатында өнер көрсететін санкт-петерборлық «Зениттің» бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Луческудың агентіне сілтеме жасап Би-би-си хабарлады.
None
None

«Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні келісімшартқа қол қойылды. Келісім «2+1» жүйесімен жасалған, бірақ оны толыққанды үшжылдық келісімшарт десек те болады. Өйткені екі жыл өткен соң тараптардың ешқайсысы келісімшарттың бұзылатыны туралы жазбаша түрде ескерту жасамаса, автоматты түрде келісімшарттың үшінші жылы күшіне енеді», - деп атап өтті Мирча Луческудың агенті Аркадий Запорожану.

Бұған дейін Луческу 12 жыл бойы Украинаның азулы командасы донецкілік «Шахтердің» бас бапкері болған еді. «Шахтер» осы жылдары 8 дүркін ел чемпионы, 6 рет Украина кубогы мен 7 мәрте суперкубогын жеңіп алды. 2009 жылы УЕФА Кубогын иеленген.

БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, Луческудың жалақысы жылына 5 млн еуро болмақ, ал командаға жаңа ойыншыларды тарту үшін оған 60 млн. доллар көлемінде қаражат бөлінеді.

Луческуға дейін «Зенитті» португалиялық Андре Виллаш-Боаш жаттықтырған болатын.

Соңғы жаңалықтар