Мырзағали Айтжанов қызметінен кетті: Бокс федерациясында кадрлық ауыс-түйіс

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Бокс федерациясы Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткенін мәлімдеді.

мырзағали айтжанов
Фото: Бокс федерациясы

Ұйым бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілгенін атап өткен.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі Дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды. 

«Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:

1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады», — деп жазды федерациядан.

Айта кетейік, жақында ғана федерация президенті қазақ боксына үлкен реформа қажет екенін мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар