Міржан Жақсылықов ПАБА чемпионы атанды

АЛМАТЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Міржан Жақсылықов  өткен  сенбіде Алматыда өткен кәсіпқой бокс турнирінде Паназиялық бокс қауымдастығының  (ПАБА) нұсқасы бойынша Азия чемпионы атағына ие болды, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 минуттан тұратын 11 раундық бұл жекпе-жектің супервайзері Болат Манкенов, промоутері Марат Мәзімбаев болған еді.  Онда 57,2 килә салмақта тайландық Писаденг Киасактхани өзінің чемпиондық атағын қорғай алмай қалды. Чемпиондықтан үміткер қазақстандық Міржан Жақсылықов 7-ші раундтың 2-ші минуты 53-ші секундында қарсыласын бүйректен ұрып естен тандырды. П. Киастханидің бұл  8-ші жеңілісі болды. Бұған дейін 27 жекпе-жек өткізген боксшы оның 20-сында жеңіс тойлаған болатын. Ал Рахат Ахмадиевтен тәлім алатын Міржанның бұл кәсіпқой  бокстағы  8-ші кездесуі. М. Жақсылықов  бұл  кездесулердің    бәрінде (үшеуі нокаутпен) мерейі үстем болды.

1985 жылы тамыздың 4-інде Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында өмірге келген Міржан бокс қолғабын қолына  алғаш рет 12 жасында киген болатын. Әуесқой бокста 2000-2004 жылдары Қазақстан чемпионатында топ жарған жас боксшы, ҚР универсидасында да үздіктер қатарынан орын алды. Сондай-ақ  кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын. Қазіргі таңда бағын кәсіпқой бокста сынап жүрген ол  Марат Мәзімбаевтың «Снайпер» клубында  жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар