Мирзиёев БҰҰ Бас хатшысына «Олий Даражали Дўстлик» орденін табыстады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан астанасындағы «Көксарай» резиденциясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті әлемде келісім мен ынтымақты белсенді ілгерілетудегі еңбегі, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ, Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы қызметі үшін Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасының бірі — «Олий Даражали Дўстлик» орденімен марапаттау рәсімі өтті. 

әлем
Фото: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Марапатты тапсыру кезінде Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жоғары деңгейіне Антониу Гутерриштің қосқан үлесі айрықша аталды.

гутерриш
Фото: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

Бас хатшының жаһандық және өңірлік маңызы бар кең ауқымды реформалар мен бастамаларды, сондай-ақ республикадағы БҰҰ институттарының қызметін кеңейтуді толық қолдайтыны сөз болды.  

оо
Фото: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

БҰҰ көшбасшысының халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаһандық басқару институттарын реформалау, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, климаттың өзгеруімен күресу, «жасыл» және цифрлық даму, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұзақмерзімді күш-жігері атап өтілді.

аа
Фото: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі