Мирзоян көшесімен қозғалыс тамыз айының соңына дейін жабылды - Астана қалалық ІІД ЖПБ

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Ағымдағы айдың соңына дейін Мирзоян көшесі бойында Иманов пен Циолковский көшелерінің қиылысынан Мирзоян мен Петров көшелерінің түйіскен жеріне дейін көлік қозғалысы үшін толығымен жабық болады. Бұл ақпаратты Астана қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратып отыр.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, Тамыздың 17-сінде Мұңайтпасов көшесінде жүргізілетін жолдың кешенді қайта құрастырылу жұмыстарына байланысты бұрын рұқсат етілген Мирзоян көшесіндегі көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды.

Қозғалыстың дұрыс бағыттары ретінде Абылайхан даңғылы мен Тәуелсіздік даңғылының жолдары ұсынылып отыр.

Бұған дейін жол жөндеу жұмыстарының басталуына орай шілденің 16-сынан қазанның 15-іне дейін елорданың Мирзоян көшесімен бір бағытта қозғалыс қалдырылып, Абылай хан даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінде автокөлік қозғалысы шектелген болатын.

Мұңайтпасов көшесін жөндеу жұмыстары республикалық бюджеттен қаржыландырылады және оған 3 миллиард теңгеден астам қаржы кетеді. Негізгі шығындар инженерлік желілердің ауыстырылуына байланысты болып отыр.

Жыл басынан бері Астанада ұзындығы 33 шақырымды құрайтын 15 көше жөнделді. Екінші жартыжылдықта да бірқатар көшені жөндеу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, тамыздың 20-на дейін Абай көшесінде (Пушкиннен Уәлиханов көшесіне дейін), тамыздың 30-ына дейін Мәскеу көшесінде (Потаниннен Тілендиев көшесіне дейін), тамыздың 15-іне дейін Дулатов көшесінде (Байтұрсыновтан Ушаков көшесіне дейін) қозғалысқа шектеу қойылады. Сонымен қатар Қонаев, Достық, Сығанақ және Сейфуллин көшелері жөнделетін болады.

Соңғы жаңалықтар