Мисао Окава әйелдер арасындағы әлемнің ең қарт тұрғыны атанды
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Жапонияның тумасы Мисао Окава Гиннестің рекодтар кітабының «ғаламшардың әйелдер арасындағы ең қарт тұрғыны» атағына ие болды.
114 жастағы кейуана Осакада қарттар үйінде тұрады. Оған өзінің жаңа дәрежесін растайтын сертификат жіберілді. Бұл құжат Мисао Окаваның туғаны күніне арналған сый десе де болады. Ол 5 наурызда 115 жасқа толады.
Ғасырдан да ұзақ жасаған жан 1898 жылы дүниеге келді, 1919 жылы тұрмысқа шықты. Оның үш баласы, төрт немересі және алты шөбересі бар. Жапондық БАҚ-дың берген мәліметтеріне қарағанда, ол бірде-бір рет айтарлықтай қатты науқастанып көрген емес.
Айта кетейік, ерлер арасында әлемнің ең қарт тұрғыны да Жапонияда тұрады. Ол - 115 жаста.