Мишель Мартелли Гаити президенті сайлауында жеңіске жетті
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Алдына ала нәтижелерге сәйкес, Мишель Мартелли Гаитидегі президент сайлауының жеңімпазы болды,
деп хабарлайды дүйсенбі, 4 сәуірде, Agence France-Presse сайлау комиссиясы өкіліне сілтеме жасап.
Мартеллиді сайлаушылардың 67,57 пайызы қолдады. Оның қарсыласы - елдің бұрынғы бірінші ханымы Мирланд Манига 31,74 пайыз дауыс жинады. Ресми нәтижелер, дегенмен, тек 16 сәуірде жарияланады.
Гаитидегі президент сайлауының екінші туры 2011 жылдың 20 наурызында өттi, сонымен бірге бастапқыда Мартелли оған қатыспауы керек еді.