Мишель Обама 50 жасқа толды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обаманың жұбайы Мишель Обама өзінің 50 жасқа толу мерейтойын тойлап жатыр, деп жазады ria.ru.

Мишель Обама 50 жасқа толды

Мишель Обама - Гарвард түлегі, кәсіби заңгер. Жүргізілген сауалнамалар Мишельдің Американың бірінші ханымы рөлін ойдағыдай атқарып жүргенін көрсетеді: америкалықтардың 67 пайыздан астамы оған ел перзидентіне қарағанда жақсы қарайды. Америкалықтар оның өз қалпынан таймай, шынайы күліп, қарапайым әрі түсінікті америкалықтардың тілімен сөйлегені үшін оны бірінші ханым ретінде танып, құрметтеп, оған ерекше сенім білдіреді.