Мишель Обама мен Ангела Меркель қырғыз зергерінің бұйымдарын тағады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш америкалық президенттің жұбайлары белгілі қырғыз суретші-зергері Виктор Сырневтің танамоншақтары мен алқаларын тағады.
Бұл тулары КирТАГ-қа зергер мәлім етті.
«Ерекше бұйымдарды таққысы келетіндер маған тапсырыс береді. Өйткені ол қайталанбас жұмыстар. Үш америкалық президенттің жұбайларында менің танамоншақтарым мен алқаларым бар. Маған олар үшін арнайы тапсырыс берген», - деді суретші-зергер.
Тапсырыс Хилари Клинтон, Лора Буш және Мишель Обамаға арналған бұйымдарға келіп түсті, деді шебер.
«Биыл Германия канцлері Ангела Меркельге де сыйлық ретінде менің жұмысым - танамоншақты ұсынды», - деп қосты В.Сырнев.