13:28, 20 Сәуір 2014 | GMT +5
Мишель Обама телесериалға түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама актриса ретінде бағын сынап көрмек. Ол ABC арнасынан жуықта көрсетілетін «Нэшвилл» телехикаясына түседі.
Мишель Обама түсетін бөлім «All or Nothing with Me» деп аталады және ол 7 мамырда көрсетіледі. Сценарий бойынша телехикаяның басты кейіпкері (Конни Бриттон) бір әскери базада қайырымдылық концертін өткізеді. Соған Мишель Обама барып, өмірдегі өзін ойнайды. Бұл туралы ABC сайты хабарлады.
Бұл Мишель Обаманың бірінші рөлі емес. 24 сәуірде көрерменге жол тартатын «Parks and Recreation» сериалында да ол өзін ойнаған.