Мишель Платини Еуро-2012 қабылдайтын қалалардың дайындығын тексереді

ЕВ-МИНСК. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Осы күндері Украинада стадиондар мен қауіпсіздік жөніндегі департамент директоры Марк Тиммер бастаған УЕФА делегациясының сапары өтіп жатыр,

Мишель Платини Еуро-2012 қабылдайтын қалалардың дайындығын тексереді

деп хабарлады «Еуро-2012» ақпараттық орталығы.

Сарапшылар үстіміздегі жылдың қазан айында пайдалануға берілуге дайындалып жатқан Украинаның басты нысандары - Киев пен Львовтағы стадиондарды көріп, ареналардың операциялық командаларымен кездесу өткізеді.

Кейін, үстіміздегі жылдың 26-27 қыркүйегінде Украинаға УЕФА президенті Мишель Платини келіп, Еуро-2012 өтетін төрт қала - Киев, Донецк, Харьков пен Львов қалаларының дайындығын тексереді.