Мишель Платини: Саясатпен саясаткерлер айналысуы тиiс, спорт адамдарды бiрiктiруi қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдiк саясаттың даму бағытына қарамастан, спорт адамдарды бiрiктiруi шарт, дедi бүгiн УЕФА президентi Мишель Платини Астанада өткен УЕФА конгресiнiң қортындысы бойынша баспасөз мәслихатында.

Мишель Платини: Саясатпен саясаткерлер айналысуы тиiс, спорт адамдарды бiрiктiруi қажет

"Қазiргi уақытта саяси тұрғыда көптеген жағдайлар өзгеруi ықтимал. Саяси сауалдар, байкот жасау туралы талаптар - бiздi мұндай талаптар әбден мезi қылды. Спортпен шаруасы жоқтар осындай талаптарды орындатуға шамалары жетiп жатады. Қандай да бiр шара өтпесiн, олар оған байкот жасауға асық тұрады. Керiсiнше елшiлiктердi, экономикалық келiсiмдердi, елден елге қатынайтын ұшақтарды байкоттау қажет. Бiрақ байкот жасалу керек болса, бiрiншi спорт зардап шегетiнi нелiктен?!" - деп қынжылады УЕФА басшысы.

"Жақында ғана Сочи Олимпиадасына байкот жарияланды. Менiңше, спортқа шектеу қойғанның орнына, сол елге барып, өз ұстанымдарыңды бiлдiруiң керек. Саясатпен саясаткерлер айналысуы тиiс, ал спорт адамдарды бiрiктiретiн күш болуы қажет", - деп атап өттi М. Платини.