Мысыр кепілге алынған төрт адамды бірнеше палестиналық тұтқынға айырбастауды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Мысыр екі күндік бітімге келуді ұсынды. Оның аясында Газадағы кепілге алынған төрт адам Израиль түрмелерінде отырған бірнеше палестиналыққа алмастырылатын болады euronews.

Египет
Фото: видеодан алынған кадр

Алжир президенті Әбделмаджид Теббунды Каирде қабылдаған Әбдел-Фаттах ас-Сиси ұсыныста палестиналық тұтқындарды босату және Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу де бар екенін мәлімдеді.

«Мысыр кейінгі бірнеше күнде Газадағы жағдайды өзгертіп, атысты тоқтатуға бағытталған бастама көтеруге әрекет жасады. Оның барысында кепілге алынған төрт адамды Израиль түрмелерінде отырған кейбір адамдарға айырбастау көзделген. Одан кейін он күн ішінде атысты толықтай тоқтатып, көмектің келуіне жол ашу арқылы сектордағы процедураларды аяқтауға бағытталған келіссіөздер жүргізіледі», - деді Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси.

Келіссөздер жақын арада Катарда өтуі тиіс болғандықтан, Израиль немесе ХАМАС тарапынан дереу ресми жауап келген жоқ. Алайда Катардағы ХАМАС саяси бюросының жоғары лауазымды мүшесі Хуссам Бадран ХАМАС-ты қолдайтын Shehab ақпарат агенттігі таратқан мәлімдемеде келісімге келу мүмкін екенін айтты. Оның сөздерін израильдік ақпарат құралдары келтірді

Соңғы жаңалықтар