Мысыр палестиналықтарды шығарудың «әділетсіздік актісіне» қатыспайды — ас-Сиси

АСТАНА. KAZINFORM — Каир президент Трамппен жұмыс істеуге дайын, бірақ оның Палестина мәселесіне қатысты ұстанымы ымыраға келмейді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Египет не будет участвовать в «акте несправедливости» по выселению палестинцев – ас-Сиси
Фото: Мысыр президентінің кеңсесі

Мысыр президенті Әбдел-Фаттах ас-Сиси АҚШ президенті Дональд Трамп палестиналықтарды аумақтан Мысыр мен Иорданияға көшіру жоспарын ұсынғаннан кейін Газа тұрғындарын мәжбүрлеп көшіру «біз қатыса алмайтын әділетсіздік» екенін мәлімдеді. 

— Мысырдың Палестина мәселесіне қатысты өзгермейтін тарихи ұстанымы… ешқашан ымыраға келмейді. Палестиналықтарды елден шығару туралы әңгімеге келетін болсақ, Мысырдың ұлттық қауіпсіздігіне әсер етуіне байланысты бұған ешқашан жол беруге немесе рұқсат беруге болмайды, — деді ас-Сиси Каирге сапармен келген Кения президенті Уильям Рутомен өткен баспасөз мәслихатында.

Ас-Сисидің мәлімдеуінше, Мысыр «Палестина мемлекетін құруды және оның мүмкіндіктерін, әсіресе халқы мен аумағын сақтауды» қолдайды. Ол Мысыр екі мемлекетті құру туралы шешім негізінде Израиль мен Палестина арасындағы бейбітшілікке қол жеткізу үшін Трамппен бірге жұмыс істейтінін қосып өтті.

— Біз президент Трамп Таяу Шығыста әділ және ұзақ бейбітшілік орнату сияқты көптен күткен мақсатқа қол жеткізе алады деп сенеміз, — деді Мысыр басшысы.

Бұған дейін Израиль палестиналықтардың Газа секторының солтүстігіне жаппай оралуына рұқсат бергенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар