Мысырда мерт болған қазақстандық: Бас прокуратураға сұраныс түспеген

АСТАНА. KAZINFORM — Шарм-эш-Шейх әуежайында рейсті күтіп тұрған жолаушылар аумағында жарнама тақтасы құлап, Қазақстан азаматының мерт болуына қатысты басталған тергеудің мән-жайын Бас прокуратурадан сұраған едік.

Что известно о погибшей в Египте казахстанке
Фото: instagram.com/anvar_shalekenov

— Мысыр Араб Республикасында 2025 жылғы 17 мамырда қаза болған Қазақстан азаматы А. Мұқановаға қатысты жағдай тиісті тергеу жүргізетін Мысыр елінің құзыретті органдарының қарауында. Осы оқиға бойынша Мысыр құқық қорғау органдарынан Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына сұраныс түскен жоқ, — деген хабар алдық Бас прокуратурадан.

Сондай-ақ Бас прокуратура «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау дипломатиялық қызмет органдарының айрықша құзыретіне жататындықтан, тиісті жұмысты Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі жүргізіп жатқанын хабарлады. 

Еске салайық, биыл мамырда Шарм-эль-Шейх әуежайында рейсті күтіп тұрған жолаушылар тұрған аумақта жарнама тақтасы құлады. Оқиғаның салдарынан қазақстандық әйел мерт болды, тағы екі отандасымыз жарақат алды. 

Сондай-ақ Мысырда мерт болған Қазақстан азаматының мүрдесі елге жеткізілетіні туралы хабарлаған едік. 

Айта кетсек, Мысырда мерт болған қазақстандық әйелдің жақындарына өтемақы төленеді.

Соңғы жаңалықтар