«Мисс Беларусь-2018» кастингіне 700 ару қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Мисс Беларусь-2018" байқауының кастингіне 700-ден астам ару қатысты, деп хабарлайды БЕЛТА ОНТ телеарнасына сілтеме жасап.

«Мисс Беларусь-2018» кастингіне 700 ару қатысты

Финалдық іріктеу 10-11 ақпан күндері Минскіде өтті. «Әлем аруы» байқауында Беларусь мемлекетін таныстыратын сұлуды таңдап алу үшін қазылар үміткерлерді қатаң сынақтан өткізді.

Алдымен жобаның шығармашылық тобы «Мисс Беларусь-2018» байқауына түскен 300 сауалнаманы саралайтын болады. Оның ішінен іріктелген 80-100 ару Минск қаласына шақырылып арнайы сұхбаттан өтеді. Іріктеу комиссиясы тек 30-ын ғана таңдап алады. Олар финалда ең сұлу Беларусь қызы атағына таласады»,-дейді  ОНТ арнасындағы арнайы жобалар дирекциясының директоры Иван Подрез.

Байқау 4 мамыр күні өтеді. Жеңімпаз тәж бен әлемдік байқауда Беларусь мемлекетін таныстыру құқына ие болып қана қоймай, ақшалай сыйақы мен Geely Atlas автокөлігіне ие болады. Сыйлықтарды байқаудың бұған дейінгі жеңімпаздары тапсырады.