«Miss.kz-2012» сұлулық интернет-байқауының іріктеу кезеңінің жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - «Miss.kz-2012» сұлулық интернет-байқауының іріктеу кезеңінің кезекті жеңімпаздары анықталды.
None
None

«Қыркүйек аруы» атағын қарағандылық Кристина есімді сұлу жеңіп алса, «Сайттың сұлуы» атағы Ақсу қаласының тұрғыны Гүлдана есімді бойжеткенге бұйырды.

Бұл туралы бүгін «Экспресс К» газетінде жарық көрген «Красота измеряется в мегабайтах» мақаласында жазылды.

Miss.kz жобасы өткен жылы басталғанымен нәзік жандылардың қызығушылығын бірден тудырды. Сұлу қыздар байқаудың бас бәйгесі - 300 мың теңгені еншілегісі келді. Айтпақшы, оңтүстік астанада жобаның әлі үйленбеген ұйымдастырушыларының бірі Жангелді Молдахметов осындай ерекше жолмен өзіне қалыңдық тапқысы келгендігі туралы қауесет тарағаны бар.

Байқау белсенді әрі қызықты өтуі үшін, жоба авторлары «Ай аруы» атағы үшін ай сайынғы турнирлерді өткізуді шешті. Жақында жоба сайтында қыркүйек айының ең сұлу аруы үшін дауыс беру аяқталды.

- Анкетаны толтырғанда қыздар өздерінің тегін жазбай, көбіне тек есімдерін атаумен шектеледі, - деді «қалыңдық іздеуші» Жангелді Молдахметов. - Мен қарағандылық Кристинаны «Қыркүйек аруы» атағымен құттықтаймын. Сондай-ақ мен «Сайттың аруы» атағына ие болған 18 жасар Гүлданаға сәттілік тілеймін. Біз жеңімпаз тәжі үшін үміткерлерге қатаң талап қоймаймыз. Отандық ғаламтордың ханшайымы көзтартарлық, кәмелеттік жасқа толған және тұрмыста болмауы керек. Оның бойының ұзындығы, салмағы мен белінің көлемі айтарлықтай маңызды емес.

Соңғы жаңалықтар