«Мисс Талдықорған - 2017» анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанның ең көрікті аруы анықталды. «Мисс Талдықорған - 2017» тәжі Жадыра Жұмағұлға бұйырды. 20 жастағы бойжеткен «Мисс Қазақстан» байқауына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мисс Талдықорған - 2017»  анықталды

Қазылар алқасы бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу сындарында арулардың ішінен 10 бойжеткенді таңдап, олар ақтық додаға  жолдама алды.

null 

Шешуші кезең   3 турдан тұрды. Алғашқы айналымда бойжеткендер өзін таныстырса, келесі кезеңде арулардың сахнада өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы сынға түсті. Соңғы кезеңде бойжеткендер кешкі көйлекпен сахнаға шықты. Байқау қорытындысына сәйкес,   «Мисс Модель» - Нүсіпова Айым, «Мисс Brosh» - Картаева Əсел, «Мисс Сияние» - Көбенова Амина, Мисс «Той» event agency - Ақынбек Мадина, «Мисс Алиса» - Иманғалиева Лаура. Олар    байқау демеушілерінің номинациясы  бойынша жеңіске жетіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ «Көрермен көзайымы»  номинациясын  Амина Әділғазинова жеңіп алды. Ал   «ІІІ вице Мисс Талдықорған» - Ботагөз Төлеуханова, «ІІ Вице Мисс Талдықорған» -Сабина  Тимурқызы, «І Вице Мисс Талдықорған» - Аида Калибаева атанды. Мәртебелі «Мисс Талдықорған - 2017» тәжісі - Жадыра Жұмағұлға бұйырды.

null