Миссионерлік қызметті жүзеге асырушыларды тіркеу әрі бақылау жұмыстарын күшейту маңызды - ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Миссионерлік қызметті жүзеге асырыушыларды тіркеу әрі бақылау жұмыстарын күшейту маңызды.

Миссионерлік қызметті жүзеге асырушыларды тіркеу әрі бақылау жұмыстарын күшейту маңызды - ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысында еліміздің Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.

Оның атап өтуінше, миссионерлерді тіркеу Дін істері агенттігінің департаменттері тарапынан жүзеге асырылатын болады. Ал олардың қызметін бақылауды әрбір мемлекеттік орган өз құзіреті аясында қажетті деңгейде жүзеге асыруы тиіс.

«Сонымен қатар діни бірлестіктердің өздері миссионерлерінің қызметтерін заңға сәйкес жүзеге асыруына мүдделі бола отырып, мемлекеттік органдарға заңсыз қызметті тоқтатуға ықпал етеді деген ойдамыз», - деді агенттік басшысы.

Қ.Лама Шарифтің пайымынша, бұл жерде барлық факторларды ескеру қажет. Ең алдымен заң тұрғысынан алғанда миссионер тікреуден өткен жері бойынша ғана қызмет жасай алады.

«Осыған байланысты  миссионерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілетін заңды орындар ғибадат үйлері болып табылады», - деді ол.