15:19, 11 Наурыз 2017 | GMT +5
«Миссис Қостанай-2017» атағын сот орындаушысы жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анастасия Жылқайдарова «Миссис Қостанай-2017» атанды.

Енді ол "Миссис Қазақстан" байқауында Қостанай облысының намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат"Наша Газета" сайтына сілтеме жсап.
Басылым атап өткендей, аталмыш байқауға 49 келіншек қатысқан. Ұйымдастырушылар фотокастинг әдісімен финалға 9 қатысушыны таңдап алды. Олардың арасында аналар, кәсіпкерлер, қызметшілер, үй шаруасындағы әйелдер болған. Қатысушылар дефиле және зияткерлік кезеңдер бойынша бақ сынады.
Қазылар алқасы «Миссис Қостанай-2017» атағын 25 жастағы Анастасия Жылқайдароваға берді. Ол сондай-ақ халықаралық сұлулық байқауына қатысуға жолдама алды. Анастасия сот орындаушысы болып жұмыс жасайды. Жолдасымен бірге 4 жасар Анелияны тәрбиелеуде.