Миссисипи өзенінің жағалау аудандарындағы мыңдаған тұрғындар көшірілді

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Миссисипи өзенінің жағалау аудандарында тұрып жатқан 5 мыңдай адам су басу қаупі төнуіне орай көшірілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Миссисипи өзенінің жағалау аудандарындағы мыңдаған тұрғындар көшірілді

Судың ең жоғары деңгейі қазір Виксберг қала-портында (Миссисипи штаты) тіркелген - 17,2 метр, бұл 1927 жылы болған су тасқыны кезіндегі 17,1 метр көрсеткішінен жоғары болып тұр.

Сенбі күні жергілікті билік Батон-Руж және Жаңа Орлеан ірі қалаларының, сонымен қатар, көптеген кәсіпорындар, мұнай өңдеу зауыттары және АЭС-тің су басуын алдын алу үшін Морганза қаласындағы бөгеттің шлюздарын ашқан болатын.

Миссисипи өзені толассыз жауын мен өткен қыста жауған қардың еруінен арнасынан асты. Қазіргі кезде, өзен арнасында орналасқан ондаған қалалар, Миссисипи, Теннеси және Арканзас штаттарындағы ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалды.