Миссисипи штатында күдікті 6 адамды атып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Миссисипи штатында күдікті 6 адамды атып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Миссисипи штатында күдікті 6 адамды атып тастады

Жергілікті құқық қорғау органдарының дерегінше, бұл оқиға халық саны 300-ден аспайтын Аркабутла қаласында болған. Мәлім болғандай, күдікті дүкенге кіріп, бір адамды атып, кейін сол аймақта орналасқан екі үйге қарай бет алған. Артынша ол жердегі адамдарға да оқ жаудырған.

Қазіргі таңда күдікті қолға түсті. Оның мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны әлі анықталған жоқ.

Айта кетейік, бұл - жыл басынан бері АҚШ аумағында болған 73-ші атыс оқиғасы.