Миссури губернаторы Фергюсонда коменданттық сағат енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Миссури шататының губернаторы Джей Никсон Сент-Луис Фергюсон қаласы маңында уақытша коменданттық сағат енгізді. Естеріңізге сала кетейік, бұл елді мекенде полиция қызметкері Майкл Браун есімді қара нәсілді жасөспірімді атып өлтіріп тастауына байланысты 9 тамыздан бері жаппай тәртіпсіздік жалғасып жатыр.

Миссури губернаторы Фергюсонда коменданттық сағат енгізді

Енді көшеде жүруге тыйым салу мерзімі түнгі 12-ден тағы 5-ке дейін жалғасады.

Өткен жұма күні қаладағы көптеген дүкендер қиратылған болатын. Ал сенбі күні кешке шелектеп құйған жаңбырға қарамай, шерушілер бұрын да полицейлермен қақтығыс жиі болып тұратын қаладағы ең ірі көшелерге шықты. Олардың қимыл-әрекетін полицейлер қадағалап тұрды. Кейбірінде қалқан болса да, қақтығыс орын алмады.

Құқыққорғау қозғалысының белсендісі Эл Шарптонның мәлімдеуінше, жексенбі күні де кезекті митинг өтеді. Оның сендіруінше, бұл митинг бейбіт түрде болады.