Мистер Бин мұсылмандықты қабылдады

Қазан айының 1-і күні Тунистің билік басындағы «әл-Наһда» («Жаңғыру») партиясының жетекшісі Рашид Ганнуши осыған орай оның ізгі қадамына құтты болсын айтты. Ол өз құттықтауында оны Алланың ақ жолынан таймауға шақырып, тілектес екенін білдірді. Бір айта кетерлігі, олар бұрыннан бір-бірімен таныс әрі кезінде сыйлас, қимас достар болған.
«Уикипедиядағы» мақалада айтылғандай, мистер Бин ислам дініне 2013 жылдың қазан айының 1-і күні өткен екен. Оның мұндай қадамға баруына адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) жайлы түсірілген, әлем мұсылмандарының ашу-ызасына тиіп, намысын найзалаған фильмсымағы түрткі болған. Яғни, әлгі фильмдегі бұрмаланған дерекке, дәлірегі, жалаға сенбей, өзі ізденіп, ислам дінімізбен танысады. Ол осылайша Алланың ақ жолына түседі.
Ол бұрын да исламофобияға қарсы екенін талай рет дәлелдеп, мәлімдеме жасаған болатын.