«Мистер Олимпия» конкурсының негізін қалаушы көз жұмды

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - АҚШ-та 93 жасқа қараған шағында әлемге танымал «Мистер Олимпия» культуризм жарыстарын ұйымдастырушы Джо Уайдер дүниеден өтті, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

Уайдер бодибилдингімен бала күнінен айналысты, ал 17 жасында культуризм жөніндегі алғашқы жарияланымын шығарып, спорттың осы түрін насихаттай бастады. 1946 жылы ол халықаралық бодибилдер федерациясының негізін қалады, ал 1965 жылы «Мистер Олимпия» конкурсын ұйымдастырды. Сонымен қатар Уайдер культуризм жөнінде бірнеше журналдар шығарды.

Ол сондай-ақ жаттықтырушы да болды, оның шәкірттерінің арасында бірнеше әлемге танымал культуристер бар, солардың бірі - Арнольд Шварценеггер.

Соңғы жаңалықтар